"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 924 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16438 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      Министрі

      ________________ Д.Абаев

      201_ жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      201_ жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      201_ жылғы "__"__________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Р. Дәленов

      2018 жылғы 24 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін
атқарушының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
1-қосымша

"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына берілетін аттестат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп саласы мен жүзеге асырылатын қызмет түрі көрсетілген өтініш;

      3) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

      Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.

      Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің куәлігін) ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсе отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) бекітілген "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда" белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі. Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен ітркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады) болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап).

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де қойылатын талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда, бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Министрліктің – www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  "Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Индустриялық даму
және өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат алуға өтініш

      _____________________________________________ "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы

      (заңды тұлғаның атауы)

      11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден

      ________________________________________________________________________________

                                          (ұйым атауы)

      өнеркәсіптің мынадай салаларында: ________________________________________________

      (өнеркәсіп саласын көрсету)

      өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына: ________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрін көрсету)

      аттестат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ____________________________ __________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы)            (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)


  "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы
жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

      1. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына білімін тексеру туралы куәліктердің көшірмесін және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама кезінде қарастырылған құжаттар туралы мәліметтерді;

      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

      9) негізделген қорытындысы бар қорытынды бөлімді;

      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін қамтитын қосымшаларды;

      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.

      2. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың, оқу құралдары қорының болуы және мазмұны, олардың сарапталып отырған оқыту түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;

      2) әрбір оқу түрі, кәсібі бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;

      3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтерді;

      4) материалдық база: оқу сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдісін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірибесі үшін базаның болуы туралы мәліметтерді;

      5) оқу ұйымының (оқу орталығының) штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар мамандардың құзіреті туралы мәліметтерді. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен жасасылған шарттардың болуын қамтуы тиіс.

      3. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы және мазмұны, олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;

      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негіздегі материалдық-техникалық жарақтандырылуы (сертификатталған жабдықтар, өлшеу мен бақылау құралдары) туралы мәліметтерді;

      3) мамандар және жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде бұлжытпай бақылау зертханасының болуы туралы мәліметтерді;

      4) жоғары техникалық білімі (тиісті өнеркәсіп саласында) және қауіпті өндірістік объектілерде кемінде бес жылдан аса практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлықтан өткен және білімін тексерілген, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      4. Ұйымның жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі және жарылыс жұмыстарында бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді;

      2) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу үшін жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде сертификатталған құралдармен жабдықталған материалдық базасы, өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтерді;

      3) жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде жарылғыш заттарды сынауға арналған полигоны туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      5. Ұйымның қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі мен декларацияланатын нысандарда бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді;

      2) жеке меншік құқығындағы немесе шарт негізіндегі материалдық базасы туралы мәлімет, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу үшін техникалық жарақтандырылуын қамтуы тиіс.

      6. Ұйымның газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді (диагностикалау, газтұтыну жабдығын куәландыру) жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) газбен қамтамасыз ету обьектілері жүйесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, газқауіпті жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, тиісті техникалық білімі мен газбен қамтамасыз ету нысандарында үш жылдан кем емес емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде бес маман туралы мәліметтерді;

      2) газбен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізу үшін нормативтік-техникалық құжаттар, материалдар, газбен жабдықтау жүйесіне техникалық диагностикалау жүргізу туралы мәліметтерді;

      3) өндірістік ғимараттар және жабдықтар (цех, шеберхана), станоктар паркі, механизмдер, жеке меншік құқығындағы немесе басқа да заңдық негіздегі газ пайдаланушы жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, сынақ стендтеріне қызмет көрсетуге арналған арнайы құрылғылармен жарақтандырылуы туралы мәліметтерді;

      4) көрсетілетін қызметтер сапасына өндірістік бақылауды;

      метрологиялық бақылауды (өлшеп-бақылау құралдарын жөндеу және қызмет көрсету мамандары, бұлжытпай бақылау әдістерінің құралдары мен мамандар) қамтамасыз ететін қызмет туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      7. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.


  "Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе ұйымының атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Ұсынылмаған құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) …

      Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

      ___________________________________________ ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон__________

      Алдым: ______________________ _______________________________

      Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
2-қосымша

"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тіркеу шифрін бере отырып, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;

      4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысы;

      сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      порталда:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі;

      3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі ұсынылады;

      сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес келуі тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің куәлігін) ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңымен, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдану растамасы шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылған, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Министрліктің – www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) қызмет көрсетушінің – www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қауіпті өндіріс объектісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және басқалар)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруге өтініш

      ______________________________________________"Азаматтық қорғау туралы" 2014

      (заңды тұлғаның атауы)

      жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала отырып,

      Сізден _________________________________________________________________________

      (объект атауы)

      өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруді сұрайды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ____________________________ ______________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы)       (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)


  "Қауіпті өндіріс объектісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының сәйкестігі туралы сараптама қорытындының құрамы

      1. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе басқа да өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;

      7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

      9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;

      10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;

      11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды;

      12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;

      13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, оқыс-оқиғаның қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;

      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      2. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптама қорытындысына сарапта ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мерімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.


  "Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияларын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ),
не көрсетілетін қызмет
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздің

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын

      толық ұсынбауыңызға байланысты ________________________________________

      мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________;

      2) ___________________;

      3) ....

      Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарап үшін бір данадан.

      ______________________                         __________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: ТАӘ ____________

      Телефоны __________________

      Алды: ____________________ _______________________________

      Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ___________


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
3-қосымша

"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz. "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) күнтізбелік күн;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және оларды қолдану саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтініш;

      3) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысын ұсынады.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және оларды қолдану саласы туралы қысқаша ақпарат бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.

      Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.

      Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға барлық талап етілетін құжаттарды берген кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану шағымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгін тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды,
техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті
техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және басқалар)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруге өтініш

      ____________________________________________ "Азаматтық қорғау туралы" 2014

      (заңды тұлғаның атауы)

      жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа ала отырып,

      Сізден __________________________________________________________________________

      (ұйым атауы)

      қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын мынадай: __________________________

      (технологиялардың, техникалық құрылғылардың,

                  материалдардың атауы)

      технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық

      құрылғыларды қолдануға рұқсат беруіңізді сұрайды.

      Қысқаша сипаттама: _____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың

      мақсаты туралы қысқаша ақпарат және оларды қолдану саласы көрсетіледі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________ ______________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшының Т.А.Ә, қолы.)

  "Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті
техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

      1. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған құжаттар (жобалық, конструкторлық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіру үшін қажетті шығарылған жылы, дайындаушы мен елі, маркасы, моделі, типі, зауыт (сәйкестендіру) нөмірі немесе басқа да ақпаратты көрсете отырып, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;

      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

      10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлігін;

      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;

      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;

      13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;

      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      3. Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде туындайтын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      4. Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:

      1) осы материалды қолдану кезінде туындайтын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;

      2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      5. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптама қорытындысына сараптама ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.


  "Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті
техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
Нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) (бұдан әрі
– Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған

      үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №

      ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздердің мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      4) __________________________________________________________;

      5) __________________________________________________________;

      6) …

      толық емес топтамасын ұсынбауларыңызға байланысты _________________________

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады,

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ___________________________________________ ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон__________

      Алды: ______________________ _______________________________

      Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ___________


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
4-қосымша

"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz. "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат алуға өтініштің электрондық көшірмесі;

      2) аттестатталған (сараптамалық) ұйым және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өткізген сынақта, өкілдер, дайындаушылар, әзірлеуші, ұйымдар құрамында өткізілген тәжірибелі партияны бақылау және қабылдау сынағы актісінің электрондық көшірмесі;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығы бар аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды техникалық құжаттарында белгіленген, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ, бұйымдарды жасау мен пайдалану техникалық құжаттарында белгіленген, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырғаннан кейін - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кеден одағының (КО ТР 028/2012) "Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентімен, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушінің немесе кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсеге қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Министрліктің - www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


  "Жарылғыш заттар мен
олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, ЖСН/БСН,
телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беруге Өтініш

      ________________________________ Сізден ұсынылған құжаттар тізімін қарауды және

      (ұйым атауы)

      _____________________________________ жарылыс заттар және олардың негізінде жасалған

      (ұйым атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жарылыс заттар және олардың негізінде жасалған атауы)

      _______________________________________________________________ бұйымдарды ұдайы

      қолдануға рұқсат беруді өтінеді.

      Техникалық шарттардың нөмірі (стандарттың) __________________________________

      Әзірлеуші _________________________________________________________________

      Өндіруші (өндірушілер) _____________________________________________________

      Оның (олардың) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі ______________________________

      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының

      коды ___________________________________________________________________________

      Көлік қауіптілігінің классы _______________________________________

      Көлік қауіптілігінің класс тармағы _________________________________

      Топ үйлесімділігі ________________________________________________

      Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірі _________________________

      Жедел шаралар коды _____________________________________________

      Тағайындауы, облысы және қолдану шарты _________________________.

      Қосымшалар:

      1) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі тәжірибелі партиядағы қабылдау

      сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;

      2) құжаттың электрондық түріндегі жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу

      құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған

      бұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық

      қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________ ______________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)


  "Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
ұдайы қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынсының құрамы

      1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:

      1) сараптама қорытындысының атауын;

      2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;

      3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

      4) ұйым туралы деректерді;

      5) сараптама мақсатын;

      6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған, оның ішінде бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктері, сәйкестендіруге қажетті шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігін көрсете отырып құжаттар;

      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;

      8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

      9) жүргізілген сараптама, жүргізілген сынау, оның ішінде жарылғыш заттардың оларды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздігін бағалауға қажетті көрсеткіштер бойынша нәтижелерін;

      10) негізделген қорытындыларын, техникалық шешімдер мен шаралар бойынша ұсыныстарды, жарылыс заттарының және оның негізіндегі бұйымдардың атауын, жарылыс затын немесе оның негізіндегі бұйымды әзірлеуші мен жасаушы туралы мәліметтерді, олардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік нөмірі, берілген күні, куәлік берген органның атауы), жарылыс затының немесе оның негізіндегі бұйымның техникалық шарттарының (стандартының) нөмірлерін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодын, көлік қауіптілігінің санаты мен шағын санатын, сәйкестілік тобын, Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірін, шұғыл шаралар кодын, жарылыс заттарын немесе бұйымдарының белгіленуін, қолдану саласы мен шарттарын, қосымша талаптарды (қажет болған жағдайда);

      11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерді, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген бақылау және қабылдау сынақтардың актілерін, бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктерін қамтитын қосымшаларды;

      12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді.

      2. Сараптамалық қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

      Сараптамалық қорытындыға жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
5-қосымша
  "Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
Қосымша
  Нысан
  Заңды (жеке) тұлғаның
деректемелері (мекенжайы,
ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы ИДМ
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің аумақтық
(облыстар, Астана, Алматы
қалаларының) департамент
басшысы
___________________________
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге Өтініш

      _________________________________________________ Сізден қарауды және

      (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________мақсатында

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)

      жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

      Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ___________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының

      бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)

      ___________________________________________________________ жүктелді.

      Жарылыс материалдарын сақтау орны______________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________.

      Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі көрсетілсін (бірінші және

      екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да міндетті); негізгі қызмет түрі лицензиялануға

      жатпайтын болса, 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті:

      1. Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-

      химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ

      құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия,

      лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары

      қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар

      қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу,

      өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия.

      2. Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

      лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу қызметінің

      кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар

      қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу,

      өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия.

      3. Лицензияға қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен жарылғыш және

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты

      қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

      лицензиясы:

      - жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды

      (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

      - жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды

      (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды

      пайдалануға келісім беремін.

      __________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 924 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
6-қосымша

"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетлетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Нәтижені беру Мемлекеттік корпорация және www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері арқылы алу үшін құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күні;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы алу үшін Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні, басқа өңірлерден – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      4) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      5) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат беретін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияда жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібі жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтініш;

      3) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері түпнұсқаларын электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімнің) болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдарының . мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгін тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


  "Қауіпті өндірістік объектілерді
салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
  Заңды (жеке) тұлғаның
деректемелері (мекенжайы,
ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы ИДМ
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы немесе
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитеті және
Министрліктің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің
аумақтық (облыстар, Астана,
Алматы қалаларының)
департамент басшысы
___________________________
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуге өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы

      Заңының 78-бабын басшылыққа ала отырып, Сізге жобалық құжаттаманы келісуге жібереді

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды

      пайдалануға келісім беремін.

      __________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)


  "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе
ұйымының атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы:__________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      7) __________________________________________________________;

      8) __________________________________________________________;

      9) …

      толық емес топтамасын ұсынбауларыңызға байланысты __________________________

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ___________________________________________ ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон__________

      Алды: ______________________ _______________________________

      Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады