Астана қаласында көші-қон процестерін реттеудің қағидалары туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 185/22-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қазанда № 1135 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 356/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 356/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2017 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112364 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
М.Тулеутаев
      Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Ж.Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 185/22-VI шешімімен
бекітілді

Астана қаласында көші-қон процестерін реттеудің қағидалары

      1. Осы Астана қаласындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабы 1-тармағына, "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112364 болып тіркелген) сәйкес көші-қон процестерін және экономикалық өсімді басқаруды қамтамасыз ету, астананың қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      3. Азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақүйлерде, демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.

      4. Тұрғылықты жерін тiркеу азаматтардың белгiленген тәртіппен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алғанын растайтын, не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу (жалдау), қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, тұрғын үй иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады