"Ақмола облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 5887 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақмола облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5011 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 24 қазанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облыстық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Т.Болатов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады