Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалаларында құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № А-3/122 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5932 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақмола облысының әкімдігі қаулы етеді және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысының Көкшетау қаласында Дачная көшесі Қайым Мұхамедханов көшесі, ДСУ-15 көшесі Хамит Ерғалиев көшесі, Кирпичная көшесі Ынтымақ көшесі, Нефтебазовская көшесі Кәукен Кенжетаев көшесі, Пионерская көшесі Баубек Бұлқышев көшесі деп қайта аталсын.
      2. Ақмола облысының Степногорск қаласында Лунный даңғылы Тәуелсіздік даңғылы, Ленин көшесі Республика даңғылы, Мир көшесі Бейбітшілік көшесі деп қайта аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Т.Болатов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады