"Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № А-10/429 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/247 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 6005 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № А-10/429 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5536 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 13 қазанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады