Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № А-7/310 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 6С-13-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 тамызда № 6053 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу ұсынысы туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № а-4/102 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 6С-14-7 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Терісаққан ауылдық округінің Көксай ауылы Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының құрамына қосу арқылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын;

      2) Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылы болып қайта құрылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин
      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады