Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № А-11/475 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қарашада № 6148 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 21.06.2019 № А-6/284 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ А-11/475 қаулысына
қосымша

Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары

      1. Вячеслав су қоймасы:

      1) № 1 участок – координаттары: 50°52′18.9322631″ с.е. 72°09′49.4262799″ ш.б. бастап 50°59′32.5730330″ с.е. 72°07′02.2707002″ ш.б. дейін;

      2) № 2 участок – координаттары: 50°52′18.9322631″ с.е. 72°09′49.4262799″ ш.б. бастап 50°59′01.4596068″ с.е. 72°06′46.3221307″ ш.б. дейін.

      2. Шағалалы су қоймасы:

      1) № 1 участок – координаттары: 53°11′25.1889736″ с.е. 69°13′28.8096333″ ш.б. бастап 53°16′16.6869517″ с.е. 69°15′59.3087414″ ш.б. дейін;

      2) № 2 участок – координаттары: 53°11′25.1889736″ с.е. 69°13′28.8096333″ ш.б. бастап 53°16′28.7960035″ с.е. 69°16′43.9042505″ ш.б. дейін.

      Ескерту:

      с.е. - солтүстік ендігі;

      ш.б. - шығыс бойлығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады