2018 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № а-11/538 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 6180 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М.Әбіловаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "13" 11
№ а-11/538 қаулысына
1-қосымша

2018 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

"ЕПК Степногорск" акционерлік қоғамы

1848

0,3

"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

472

0,4

"Степногорск Темір жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

299

0,3

"Степногорск ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

591

0,3


  Степногорск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "13" 11
№ а-11/538 қаулысына
2-қосымша

2018 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

"ЕПК Степногорск" акционерлік қоғамы

1848

0,3

"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

472

0,4

"Степногорск Темір жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

299

0,3

"Степногорск ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

591

0,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады