Ақсу кенті әкімінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 1 "Ақсу кентінде көшелердің атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Ақсу кенті әкімінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 5738 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу кенті әкімінің "Ақсу кентінде көшелердің атауларын өзгерту туралы" 2010 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы Ақсу кенті әкімнің шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақсу кентінің әкімі М.Смағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Степногорск қаласының
      мәдениет және тілдерді дамыту
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін
      атқарушы Б.Айтпаева

      05.01.2017
      "Степногорск қаласының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы З.Қартбаева

      05.01.2017

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады