"Ақкөл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № С 33-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № С 10-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5877 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақкөл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 15 сәуірдегі № С 33 - 2 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4199 тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
М.Құсайынова
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ж.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады