Ақкөл ауданында 2017 жылға арналған ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/109 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 маусымда № 5991 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданында 2017 жылға арналған ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін.

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады