Қызметін Атбасар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5854 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 21.02.2018 № 6С 18/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 - бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Атбасар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері, қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/5 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3777 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 тамызда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Сәдуақасов М.Н.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Атбасар ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Б.Ж.Үсембаев

      22 ақпан 2017 жыл

  2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/8 Атбасар аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Қызметін Атбасар ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

№ п/п

Салық салу объектінің атауы

Салық салу бірлігі

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Әрбір ойын автоматына

4

2.

Бір ойыншыдан артық қатысуымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

Әрбір ойын автоматына

4

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын арнайы компьютер

Әрбір компьютерге

1

4.

Ойын жолы

Әрбір жолға

5

5.

Карт

Әрбір картқа

2

6.

Бильярд үстелі

Әрбір столға

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады