Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 шілдеде № 3777 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 22.02.2017 № 6С 9/10 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С 15/5 "Атбасар ауданында белгіленген салықтың базалық ставкасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 наурызда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Муратов Р.Р.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Ақмола
облысы бойынша Салық
департаментінің Атбасар
ауданы бойынша Салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Үсембаев Б.Ж.

  Атбасар аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 5С 16/5 шешіміне
қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары

№ р/р

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4
Ойын жолы

5

5
Карт

2

6
Бильярд үстелі

3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады