Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 5859 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 7С 25/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8С 10/6 (оныңалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 7С 25/15 (оныңалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 7С 25/15 (оныңалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Атбасар аудандық маслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/5 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4453 тіркелген, 2014 жылдың 28 қарашасында "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Садуәқасов М.Н.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А.В.Чириков

      22 ақпан 2017 жыл


  Атбасар аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/11 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 7С 25/15 (оныңалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 30.06.2023 № 8С 6/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 30.06.2023 № 8С 6/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 30.06.2023 № 8С 6/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 30.06.2023 № 8С 6/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту үшін негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жол

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады