Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № а-8/361 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № а-7/262 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 тамызда № 6043 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 25.04.2019 № а-4/173 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №а-8/361 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4343 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2014 жылдың 12 қыркүйегінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының 1 қосымшасындағы 22 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:

      "22. Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі, Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Атбасар аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның № 69 ғимараты жанындағы стенд."

      қаулының 2 қосымшасындағы 7 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:

      "7. Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі, 65, "Амантай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының мәжіліс залы."

      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Никишов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Т.Боранбаев

      2017 жылғы "11". 07.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады