2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 қазандағы № а-9/389 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 6107 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылға 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Атбасар ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күші жойылды деп танылсын:

      Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № а-1/13 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5743 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2017 жылдың 17 ақпанында жарияланды) қаулысы;

      Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/138 "Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтарындағы № а-1/13 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5960 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2017 жылдың 2 маусымында жарияланды) қаулысы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Х.Тәжденоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
К.Игібаев

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 2 қазандағы
№ а-9/389 қаулысымен
бекітілді

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерікт

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

670

0

23869

0

12145

0

2

Балалар толық күн болатын мектеп жаңындағы шағын орталық

492

0

16922

0

12145

0

3

Балалар жарты күн болатын мектеп жаңындағы шағын орталық

110

0

8461

0

6500

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады