Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 мамырда № 5947 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 01.11.2017 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының қорытындысы бойынша 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 6 хаттамасының негізінде, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Н.Сейілов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын, тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Н.Сейіловқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2017 жылдың 19 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданнының әкімі Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады