РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 3 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Н.Қ.Сейіловке жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |