Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Бесбидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесбидайық ауылдық округі әкімінің "Бесбидайық және Степное ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" 2010 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-126 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 14 сәуіріндегі Бесбидайық және Степное ауылдарының тұрғындары жиынның № 5, 6 хаттамасын ескере отырып, Бесбидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесбидайық ауылдық округінің әкімі |
Ж.Жақанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Г.Карасаева |
30.01.2017 ж.
Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н.Кулаков |
30.01.2017 ж.