Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-32/2 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 5813 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-32/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4415 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда "Бұланды таңы" газетінде және 2014 жылғы 24 қазанда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезекті 9 – сессияның
төрағасы
А.Есентұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бұланды ауданы әкімі Қ.Испергенов

      20 ақпан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады