Қызметін Бұланды ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 6022 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 6С-19/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Бұланды ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 12 – сессияның
төрағасы
Т.Сихимбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданы әкімі Қ.Испергенов

      20 маусым 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Бұланды ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"
РММ – нің басшысы
И.Рзаев

      20 маусым 2017 жыл

  Бұланды аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/3 шешіміне
қосымша

Қызметін Бұланды ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Рет. №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналган, ұтыссыз ойын автоматы

12

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

4

4

Ойын жолы

83

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады