Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 6028 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 6С-19/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Макинск қаласы болып айқындалсын.

      3. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-144 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 ақпанда аудандық "Бұланды Таңы" және "Вести Буланды жаршысы" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 12 – сессияның
төрағасы
Т.Сихимбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданы әкімі Қ.Испергенов

      20 маусым 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Бұланды ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"
РММ – нің басшысы
И.Рзаев

      20 маусым 2017 жыл

  Бұланды аудандық
маслихатының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/4 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат


  Бұланды аудандық
маслихатының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/4 шешіміне
2 қосымша

Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту

№ Р/с

Автотұрақтар (паркинтер) санаты

Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту

1.

1 санат

он есе

2.

2 санат

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады