Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 "Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 6С-17/7-17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 6234 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 "Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6093 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2017 жылғы 7 қазанында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2017 жылғы 7 қазанында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) шығындарды өндіріп алу өтініш білдірген айдан бастап жеке оқыту жоспарына сәйкес оқу жылы барысында жүргізіледі;";

      1 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, басқа аймаққа тұрақты мекенжайға көшіп кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.".

      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Ю.Адайкин
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      6 желтоқсан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады