"Степняк қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орынды белгілеу туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № а-3/48 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № а-7/148 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 6026 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Степняк қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орынды белгілеу туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігі 2017 жылғы 3 наурыздағы № а-3/48 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5866 тіркелген, 2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н.Нұрғалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А.Мешелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады