Степняк қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орынды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № а-3/48 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 5866 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № а-7/148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 10.07.2017 № а-7/148 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 бабының 2) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген ішкі сауда Қағидаларының 102 тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степняк қаласы аумағында Біржан сал көшесіндегі, "Кооператор" дүкеніне қарсы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орынды белгілесін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Мешеловке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А.Мешелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады