Ақмола облысы Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі Лозовое ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5775 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Запорожье ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі Лозовое ауылының Центральная көшесі Тәуелсіздік көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Запорожье ауылдық
округінің әкімі
О.Абжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады