Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
"Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № А-2/60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5833 тіркелген, 2017 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Қапышевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "11" қазандағы № А- 9/455 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілер саны | |||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |
мемлекеттік | жеке меншік | ||
135 | 50 | 100 | 195 |
кестенің жалғасы:
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||||
23869,7 | 21591,8 | 16921,6 | 8460,8 | 10000 | 12000 | 8000 | 4000 |