РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Қорғалжын ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Түстікбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Рыскелдінов |
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "06" желтоқсандағы № 244 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 155 | 200 | 18436 | 24013 | 4500 | 6000 |
2 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
3 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 155 | 0 | 18436 | 0 | 0 | 0 |