Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 45/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
Сандықтау аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 наурыздағы № 10/4 шешімімен бекітілген |
"Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі және оның сипаттамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.
2. "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі
3. Куәлік белгіленген тәртіпте Сандықтау аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі. Куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
4. Куәлік лауазымға тағайындалған, орын ауысқан (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі аяқталған кезде беріледі.
5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен шығарылған, орын ауысқан (қайта тағайындалған) кезде, қызметкер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.
6. Куәліктің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Тәртіптің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәлікті беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
7. Куәліктің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмыс жүргізу кіретін қызметкер (әрі қарай – кадрлармен жұмыс бойынша қызметкер) жүзеге асырады.
8. Куәлікті есептен шығаруды және жоюды осы Тәртіптің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып, кадрлармен жұмыс бойынша қызметкер жүргізеді.
9. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.
10. Куәлікті жоғалтқан тұлға жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.
11. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша аппарат басшысымен белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттілігі қаралады.
12. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлікті қызметкер өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.
3. "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
13. Куәлік бір түрде көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.
14. Куәліктің ортаңғы жағында алтын түстес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, төмен баспаханалық қаріппен мемлекеттік және орыс тілдерінде "Куәлік Удостоверения" жазбасы бар.
15. Куәлік ашық түріндегі көлемі 70х210 миллиметр болады. Ішкі бөлігінің сол және оң жағы көк түспен орындалған.
16. Жоғарғы бөлігінің екі жағында мемлекеттік мекеменің толық атауы басылып жазылады, мемлекеттік тілде: "Ақмола облысы САНДЫҚТАУ аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі" және орыс тілінде: "ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "АППАРАТ САНДЫКТАУСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ", одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.
17. Сол жағының сол жақ бөлігінде фотосуретке арналған орын. Фотосуреттің жанында мемлекеттік тілде "№___ КУӘЛІК" деп жазылады. Төменде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы мемлекеттік тілде көрсетіледі. Төменгі шетінде куәлікті берген тұлғаның лауазымы және тегі көрсетіледі. (Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы _______), мәслихат хатшысының қолымен куәландырылады және елтаңбалы мөрмен мөрленеді.
18. Куәліктің ішкі оң жағының сол жағында Қазақстанның елтаңбасы орналасқан, оның жанында жоғарғы жағында "Удостоверение №____", төменде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қызметкердің лауазымы орыс тілде жазылады. Төменгі сол жақ шетінде қызметтік куәліктің бланк нөмірі көрсетілген. Төменгі оң жақ шетінде куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
"Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібіне және оның сипаттамасына 1 қосымша |
Нысан
"Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Атқаратын лауазымы | Куәлік № | Беру күні | Куәлік берілген қызметкердің қолы | Тапсыру күні | Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы |
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.
"Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібіне және оның сипаттамасына 2 қосымша |
Нысан
Ұйымның атауы АКТІ № ______
__________________ _______
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібі және оның сипаттамасының 8 тармағы негізінде "Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерінің жұмыстан шығуына, басқа қызметке ауысуына байланысты қызметтік куәлігін есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасадық.
_______________________________ _____________________ ______
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы
_______________________________ _____________________ ______
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы
______________________________ _____________________ ______
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы