Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5797 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінің Красная поляна ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Речная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      2) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      3) Труд көшесі Еңбек көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Бірлік ауылдық округінің Петриковка ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Дружба көшесі Достық көшесіне;
      2) Степная көшесі Ұлы дала көшесіне.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бірлік ауылдық
округінің әкімі
А.Ибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады