Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 5788 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Каменск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің Каменка ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
      2) Больничная көшесі Жеңіс көшесіне;
      3) Куйбышев көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      4) Ленин көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      5) Рабочая көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің Богословка ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Верхняя көшесі Достық көшесіне;
      2) Нижняя көшесі Орталық көшесіне.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Каменск ауылдық
округінің әкімі
М.Аркенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады