Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 428/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Р.Түлкібаев |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |
М.Таткеев |
23.10.2017
"Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Р.Ғабдуллина |
23.10.2017
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 шешімімен бекітілген |
Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидалары пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Целиноград ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Целиноград ауданының тиісті әкімшілік-әумақтық бірліқ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 242/35-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы қағидалар Целиноград ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5-1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.
7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.
4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 13.06.2019 № 327/47-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;
Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдеріне);
көп балалы отбасыларға;
көп балалы аналарға;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы негіздеме болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, бір рет;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, бір рет;
2) Қарт адамдар күніне:
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, бір рет;
3) Мүгедектер күніне:
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, жылына бір рет;
4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, бір рет;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, бір рет;
6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын көп балалы отбасыларға, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша;
7) анықталған жағдайларға байланысты, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:
онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтаманың немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжатының көшірмесі, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы, төлем туралы түбіртектер негізінде жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орны және алушының арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтаманың немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжатының көшірмесі, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, учаскелік комиссия қорытындысы негізінде жылдық оқу құнының мөлшерінде;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға - қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөршері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9-2. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оңы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Ескерту. Қағида 9-2-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Целиноград ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11-1. Қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін электрондық атаулы картасының түпнұсқасы ұсынылады.
Ескерту. 11-1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 18.03.2019 № 292/42-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.07.2019 № 338/48-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Целиноград ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
23. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Целиноград ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
24. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
25. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 шешіміне қосымша |
Целиноград аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазанда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған).
2. "Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 169/23-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3936 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтарда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған).
3. "Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 325/46-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4994 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған).
4. "Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 29/3-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5409 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған).
5. "Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 53/6-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5521 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).