Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 23.10.2017 № 146/20-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақта тоғызыншы азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне.";
9-тармақ 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"4-1) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орны және алушының арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама, учаскелік комиссия қорытындысы негізінде жылына бір рет жылдық оқу құнының мөлшерінде;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А.Бутакова |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Р.Түлкібаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |
18.09.2015