Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 169/23-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда № 3936 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 23.10.2017 № 146/20-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармақ 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.";

      8 тармақта:

      "ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;" азат жолынан кейін келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:

      "1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;";

      9 тармақта:

      2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) Мүгедектер күніне:

      1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;";

      5) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ай сайын, облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Әлеуметтік көмек онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі, оларға жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының қатысушысы оларды пайдаланып жүргенге дейін тарайды.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Г.Саптаякова
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Р.Түлкібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі Б.Мәуленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады