Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 327/47-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 7238 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 428/64-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 428/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;

      1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады;

      көп балалы отбасыларға;

      көп балалы аналарға;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы негіздеме болып табылады.";

      9-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға - қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Қойлыбаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады