РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданында 2017 жылға арналған ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін:
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мухамединге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі |
Г.Сәдуақасова |