Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қазандағы № А-10/222 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 6128 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шортанды ауданы әкімдігі 2017 жылғы 17 ақпандағы № А-2/35 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелген, 2017 жылдың 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г.Сәдуақасова

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қазандағы
№ А-10/222 қаулысымен
бекітілген

Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

Балабақша

764

70

25540

27146

8000

15000

Балалар толық күн болатын шағын орталық

165

0

18105

0

8000

0

Балалар жарты күн болатын шағын орталық

318

0

10921

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады