Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № С-20/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 6214 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 7С-20/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Е.Жапаров
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова

      23. 11. 2017 ж.

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 23 қарашадағы
№ С-20/5 шешімімен
бекітілген

Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Шортанды ауданының аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Шортанды ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шортанды аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны кенттің, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 23 қарашадағы
№ С-20/5 шешімімен
бекітілген

Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

р/с №

Шортанды ауданының елді мекенінің атауы

Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Шортанды кенті

60

2

Жолымбет кенті

30

Бозайғыр ауылдық округі

3

Бозайғыр ауылы

31

4

Төңкеріс станциясы

11

5

Ключи ауылы

12

Петровка ауылдық округі

6

Петровка ауылы

11

7

Қара-Адыр станциясы

3

8

Белое Озеро ауылы

3

Новокубанка ауылдық округі

9

Новокубанка ауылы

15

10

Алтайское ауылы

3

Дамса ауылдық округі

11

Дамса ауылы

23

12

Научный кенті

13

13

Степное ауылы

13

Раевка ауылдық округі

14

Раевка ауылы

18

15

Гуляй-Поле ауылы

10

16

Егемен ауылы

7

17

Новографское ауылы

5

Андреевка ауылдық округі

18

Андреевка ауылы

10

19

Октябрьское ауылы

5

Пригородный ауылдық округі

20

Пригородное ауылы

10

21

Камышенка ауылы

3

Новоселовка ауылдық округі

22

Новоселовка ауылы

8

23

Ошақ ауылы

5

24

Новопервомайское ауылы

5

25

Қаратөбе ауылы

3

Бектау ауылдық округі

26

Бектау ауылы

21

27

Қаражар ауылы

3

28

Мықтыкөл ауылы

10

29

Конкрынка ауылы

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады