1. Ақтөбе облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 1 қазандағы № 352 "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4559 тіркелген, 2015 жылғы 1 желтоқсандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 22 ақпандағы № 71 "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4830 тіркелген, 2016 жылғы 14-15 сәуірдегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |