Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 196 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 5585 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125 "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3293 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "06" маусымдағы
  № 196 қаулысына қосымша
  Облыс әкімдігінің
  20 сәуірдегі 2009 жылғы № 125
  қаулысына қосымша

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағының мөлшері

Жер пайдаланушылардың атауы

Жер учаскелерінің көлемі, гектар

Солтүстік аймақтық бөлімнің қорғау аймағы

Нұра ауылдық округі

Қор жері:

12 794,0

Ауылдық елді мекендердің жерлері

723,0

Нұра ауылының жерлері

723,0

Торғай мемлекеттік табиғи қорығы (зоологиялық)

6 436,0

Барлық қорғау аймағы:

19 953,0

Оңтүстік аймақтық бөлімнің қорғау аймағы

Тәуіп ауылдық округі

Шаруа қожалықтарының жерлері:

7 016,0

"Азамат" шаруа қожалығы

1 082,0

"Мирас" шаруа қожалығы

400,0

"Дархан" шаруа қожалығы

700,0

"Рахат" шаруа қожалығы

400,0

"Талант" шаруа қожалығы

1 070,0

"Азамат" шаруа қожалығы

300,0

"Наз-Гүл-ЕШЖ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

364,0

Қор жері:

48 197,0

Ауылдық елді мекендердің жерлері:

1 773,0

Жайсаңбай ауылының жерлері

1 773,0

Торғай мемлекеттік табиғи қорығы (зоологиялық)

18 943,0

Барлық қорғау аймағы:

75 926,0

Барлық қорғау аймағы:

95 882,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады