Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысынаөзгерісенгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 324 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қазанда № 5674 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3413 тіркелген, 2012 жылғы 18 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 324 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.09.2012 жылғы № 315 қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Орналасқан жері

Заңды мекен-жайы

Ақтөбе қаласы

1

"Нұрдаулет" сауда үйі

Әбілқайыр хан даңғылы, № 46 үй

2

"Мир" бизнес орталығы

Әбілқайыр хан даңғылы, № 87 үй

3

"Планета знаний" дүкені

Әбілқайыр хан даңғылы, № 79 үй, № 1 пәтер

4

"Электрон" дүкені

Әбілқайыр хан даңғылы, № 32 үй

5

"Жилгородской" базары

Бейбітшілік даңғылы, № 7 үй

6

"Әнуар" базары

Ш. Қалдаяқов көшесі, № 26 а үй

7

"Нектар" сауда үйі

11 мөлтек ауданы, Н. Шәйкенов көшесі, № 86 үй

8

"Березка" сауда үйі

Әйтеке би көшесі, № 50 үй

Алға ауданы

9

"Мұхамедқазы Хазірет Меңдіқұлұлы" мешіті жанындағы сауда нүктесі

Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесі № 23 үй

Әйтеке би ауданы

10

"Ляззат" сауда үйі

Комсомол ауылы, Т.Жүргенов көшесі, № 62 үй

Байғанин ауданы

11

"Тау" сауда үйі

Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, № 38 үй

Ырғыз ауданы

12

"Жарқынай" сауда үйі

Ырғыз ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, № 67 үй

Қарғалы ауданы

13

"Радуга" сауда үйі

Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, № 47 үй

Қобда ауданы

14

"Сказка" дүкені

Қобда ауылы, С. Сейфуллин көшесі, № 8 үй

Мәртөк ауданы

15

"Амангелді" дүкені

Мәртөк ауылы, Байғанин көшесі, № 122 үй

Мұғалжар ауданы

16

"Алаң" базары

Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы, № 16 үй

17

Ембі қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 25 үй

Ембі қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 25 үй

18

Жем қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, № 56 үй, № 53 пәтер

Жем қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, № 56 үй, № 53 пәтер

Ойыл ауданы

19

"Жастық" сауда үйі

Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, № 52 үй

Темір ауданы

20

Аудандық "Досжан ишан" мешіті жанындағы "Мұсылман тауарлары" сауда нүктесі

Шұбарқұдық кенті, Н. Байғанин көшесі, № 27 үй

Хромтау ауданы

21

Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй

Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй

Шалқар ауданы

22

"Сұңқар" сауда үйі

Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, № 6 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады