Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5285 тіркелген, 2017 жылғы 15-16 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т.Төленбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы "30" қарашадағы № 419 қаулысына қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысымен бекітілді |
Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметті тұтыну нормалары
№ | Газды (тауарлық газ) тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық су болғанда | айына 1 адамға м3 | 9,74 |
2 | Газ плитасы және газды су жылытқыш (орталықтандырылған ыстық су болмағанда) болғанда | айына 1 адамға м3 | 24,09 |
3 | Газ плитасы болғанда және орталықтандырылған ыстық су мен газды су жылытқыш болмағанда | айына 1 адамға м3 | 14,35 |
4 | Жеке жылыту | айына жылыту ауданының 1 м2-не м3 | 9,157 |
Ескертпе: Тауарлық газды тұтыну нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 927 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына сәйкес есептелген.
Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметті тұтыну нормалары
Айы | Өлшем бірлігі | Тұрғын жай | ||||||
1 бөлмелі жатақхана | 1 бөлмелі | 2 бөлмелі | 3 бөлмелі | 4 бөлмелі | 5 бөлмелі | 6 бөлмелі | ||
Шамдар саны | кВт.сағ. | 1 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 | 11 |
қаңтар | кВт.сағ. | 164 | 238 | 287 | 312 | 336 | 361 | 410 |
ақпан | кВт.сағ. | 145 | 200 | 238 | 256 | 275 | 293 | 331 |
наурыз | кВт.сағ. | 155 | 202 | 233 | 249 | 264 | 280 | 311 |
сәуір | кВт.сағ. | 145 | 173 | 193 | 202 | 212 | 221 | 241 |
мамыр | кВт.сағ. | 147 | 168 | 183 | 190 | 197 | 204 | 219 |
маусым | кВт.сағ. | 141 | 159 | 171 | 177 | 183 | 189 | 201 |
шілде | кВт.сағ. | 146 | 164 | 176 | 182 | 188 | 194 | 206 |
тамыз | кВт.сағ. | 148 | 173 | 190 | 198 | 207 | 215 | 232 |
қыркүйек | кВт.сағ. | 146 | 181 | 203 | 215 | 226 | 238 | 260 |
қазан | кВт.сағ. | 158 | 214 | 251 | 270 | 288 | 307 | 344 |
қараша | кВт.сағ. | 158 | 226 | 272 | 295 | 317 | 340 | 386 |
желтоқсан | кВт.сағ. | 166 | 245 | 298 | 324 | 351 | 377 | 430 |
Қорытынды | кВт.сағ. | 1 818 | 2 343 | 2 694 | 2 869 | 3 044 | 3 219 | 3 570 |
Бір айда орташа | кВт.сағ. | 151 | 195 | 224 | 239 | 254 | 268 | 297 |
Ескертпе: Электр энергиясы шығындарының нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 болып тіркелген, Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына сәйкес есептелген.
Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары Ақтөбе қаласы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Ванналармен, қолжуғыштармен және раковиналармен жабдықталған, орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 160/260 |
2 | Душтармен, қолжуғыштармен және раковиналармен жабдықталған, орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 200/285 |
3 | Әр секцияда тұрғын бөлмелер, қабаттардағы ортақ ас үйлер және душ бөлімдері, орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар жатақханалар | тәулігіне 1 адамға литр | 100/180 |
4 | Ортақ душтары, су құбыры және кәріз жұйесі бар жатақханалар | тәулігіне 1 адамға литр | 100/100 |
5 | Газды су жылытқыштары, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 225/225 |
6 | Қатты отынмен жұмыс істейтін су жылытқыштары, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 180/180 |
7 | Бойлер, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 200/200 |
8 | Маусымдық ыстық су, ванна, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 160/260 |
9 | Газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 150/150 |
10 | Душсыз, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 120/120 |
11 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 150/- |
12 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 80/- |
13 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
Алға ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Жылыту маусымы кезінде маусымдық ыстық су, ванналармен, душтармен, қолжуғыштармен және раковиналармен жабдықталған орталықтандырылғансу ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 190/295 |
2 | Су жылытқыштары, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 210/210 |
3 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
4 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 40 |
Әйтеке би ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Ванналармен, душтармен, қолжуғыштармен, раковиналармен және газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі (септик) бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 120/120 |
2 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
3 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 39/- |
Байғанин ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 124/- |
2 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
3 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
Ырғыз ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
2 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
Қарғалы ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Кәріз жүйесіз, ваннасыз, газбен жабдықталмаған, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
2 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 100/- |
3 | Ванналармен, электр бойлермен және газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 180/180 |
4 | Газды су жылытқыштарымен және ванналармен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 210/210 |
5 | Маусымдық ыстық су, ванна, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 140/245 |
6 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
Қобда ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Ванналармен, душтармен, қолжуғыштармен, раковиналармен және газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі (септик) бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 128/- |
2 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
3 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 40/- |
Мәртөк ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Ваннасыз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 76/- |
2 | Газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 103/- |
3 | Газды су жылытқыштарымен, душтармен және ванналармен жабдықталған, кәріз жүйесі мен су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 125/- |
4 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 40/- |
Мұғалжар ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 120/120 |
2 | Су жылытқыштарымен және газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 135/135 |
3 | Душсыз, ванналармен, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 108,5/108,5 |
4 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 80/- |
5 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 75/- |
6 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 40/- |
Ойыл ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
2 | Су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 55/55 |
3 | Су жылытқыштарымен, ванналармен және қолжуғыштармен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 80/80 |
4 | Су жылытқыштарымен, душтармен және қолжуғыштармен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 90/90 |
Темір ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Газбен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 190/190 |
2 | Су жылытқыштары, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 230/230 |
3 | Ваннасыз, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 160/160 |
4 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған және су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 95/- |
5 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 70/- |
6 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 25/- |
Хромтау ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Ванналармен, қолжуғыштармен және раковиналармен жабдықталған, орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 173/278 |
2 | Ортақ душтары, су құбыры және кәріз жұйесі бар жатақханалар | тәулігіне 1 адамға литр | 35/85 |
3 | Әр тұрғын бөлмеде ванналарымен, су құбыры және кәріз жұйесі бар жатақханалар | тәулігіне 1 адамға литр | 80/140 |
4 | Газды су жылытқыштармен және ванналармен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 160/160 |
5 | Бойлер, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 190/190 |
6 | Ваннасыз, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 105/105 |
7 | Кәріз жүйесіз, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 60/- |
8 | Кәріз жүйесіз (септик), орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 80/- |
9 | Кәріз жүйесіз (септик), су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 88/- |
10 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 40/- |
Шалқар ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
сумен жабдықтау/су бұру | |||
1 | Газды су жылытқыштарымен және ванналармен жабдықталған, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 190/190 |
2 | Газбен жабдықталған, ваннасыз, су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 120/120 |
3 | Кәріз жүйесіз, газбен жабдықталған, су құбыры бар тұрғын үйлер | тәулігіне 1 адамға литр | 90/- |
4 | Көшедегі су тарату колонкаларынан суды пайдалану | тәулігіне 1 адамға литр | 50/- |
Ескертпе: Ақтөбе облысындағы суару маусымының үй маңындағы учаскелерінің суару нормасы 1 соткаға 57,5 м3 құрайды.
Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11017 болып тіркелген, Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7257 болып тіркелген, Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген.
Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметті тұтыну нормалары Ақтөбе қаласы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы | |
жылыту кезеңі үшін | жылытылмайтын кезең үшін | |||
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м3-ге Гкал | 0,0344 | - |
2 | Қолжуғыштар, жуғыштар және ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,1830/100 | 0,1464/100 |
3 | Қолжуғыштар, жуғыштар және душтармен жабдықталған тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,1556/85 | 0,1244/85 |
4 | Әр секцияда тұрғын бөлмелер, қабаттардағы ортақ ас үйлер және душ бөлімдері бар жатақханалар үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,1464/80 | 0,1171/80 |
5 | Ыстық сумен жабдықтау үшін 1 м3суды жылытуға жылу энергиясының шығыны | 1 м3-ге Гкал | 0,06 | 0,048 |
Алға ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы | |
жылыту кезеңі үшін | жылытылмайтын кезең үшін | |||
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0300 | - |
2 | Жылыту маусымы кезінде маусымдық ыстық су, ванналармен, душтармен, қолжуғыштармен және жуғыштармен жабдықталған тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,189/105 | - |
3 | Ыстық сумен жабдықтау үшін 1 м3 суды жылытуға жылу энергиясының шығыны | 1 м3-ге Гкал | 0,06 | 0,048 |
Қобда ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,06 |
Қарғалы ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы | |
жылыту кезеңі үшін | жылытылмайтын кезең үшін | |||
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0334 | - |
2 | Ванналармен жабдықталған су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,184/105 | - |
3 | Ыстық сумен жабдықтау үшін 1 м3 суды жылытуға жылу энергиясының шығыны | 1 м3-ге Гкал | 0,06 | 0,048 |
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0256 |
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,023924 |
Мұғалжар ауданы, Жем қаласы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,017595 |
Темір ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0258 |
Хромтау ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы | |
жылыту кезеңі үшін | жылытылмайтын кезең үшін | |||
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0258 | - |
2 | Қолжуғыштар, жуғыштар және ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,1746/105 | 0,1397/105 |
3 | Ортақ душтармен, су құбыры және кәріз жүйесі бар жатақханалар үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,0831/50 | 0,0665/50 |
4 | Барлық тұрғын ұйымдарда ванналарымен, су құбыры және кәріз жүйесі бар жатақханалар үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,0998/60 | 0,0798/60 |
5 | Кәріз жүйесіз (септик), орталықтандырылған ыстық және салқын суы бар тұрғын үйлер үшін ыстық сумен жабдықтау | 1 адамға айына Гкал / тәулігіне 1 адамға литр | 0,0366/22 | 0,0293/22 |
6 | Ыстық сумен жабдықтау үшін 1 м3суды жылытуға жылу энергиясының шығыны | 1 м3-ге Гкал | 0,06 | 0,048 |
Шалқар ауданы
№ | Тұтыну сипаты | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормасы |
1 | Тұрғын үйлерді жылыту | айына 1 м2-ге Гкал | 0,0235 |
Ескертпе: Жылу энергиясы шығындарының нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 болып тіркелген, Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10234 болып тіркелген, Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес есептелген.
Ыстық суды тұтыну нормалары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қарашада № 8887 болып тіркелген, Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген.