Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 қарашада № 8887 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялау үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасына (Ж.Ж. Үйсінбаев) жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның міндетін атқарушы

А. Дүйсебаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ______________ Е. Досаев

      2013 жылғы 9 қазан



  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 284-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау
жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе
олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеменің мақсаты жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу тетігін айқындау болып табылады.

      Әдістеме жылу энергиясымен жабдықтау қызметін көрсететін меншік нысанына қарамастан табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - субъект) қолданылады.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттелетін қызмет – жасалған шарттарға сәйкес субъектілер көрсететін өндірілген және (немесе) сатып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;

      2) таза жылу энергиясында саналған үлесті қажеттілігі – жалпы ғимарат үй-жайының жылыту алаңының өлшем бірлігіне жататын саналған жылыту кезеңіндегі жылу энергиясының саны, шаршы метрге Гигакалорий (бұдан әрі - Гкал/м2);

      3) ыстық су – температурасы 50 градус Цельсийден (бұдан әрі -оС) төмен емес су.

      Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Субъектілердің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың
шектi деңгейлерiн есептеу тетігі

      4. Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф немесе оның шектi деңгейi (Т) мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) егер, субъект үшін тариф немесе оның шекті деңгейі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтер жиынтығында бекітілген жағдайда:

      Т = (Zөбтж+Pөбтж)/Q (Гигакалорийге теңге (бұдан әрі - теңге/Гкал)),

      мұндағы:

      Zөбтж – субъектінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;

      Рөбтж – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес есептелетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметті тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілетін пайда деңгейі, теңге;

      Q – субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған (үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ) тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гигакалорий (бұдан әрі - Гкал);

      2) егер, субъект үшін тариф немесе оның шекті деңгейі жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерінің жиынтығында бекітілген жағдайда:

      Т = Төндір+(Zбтж+Pбтж)/Q (теңге/Гкал),

      мұндағы:

      Төндір – жылу энергиясын өндіруге арналған тариф немесе оның шектi деңгейi;

      Zбтж – субъектінің жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;

      Pбтж – Нұсқаулыққа сәйкес есептелетін жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілген пайда деңгейі, теңге;

      3) егер субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті көрсеткен немесе жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі субъект қызметтеріне арналған тарифтер немесе олардың шекті деңгейлері әр қызмет бойынша бөлек бекітілген жағдайда:

      Т = Төндірберу+(Zжабдық+Pжабдық)/Q (теңге/Гкал),

      мұндағы:

      Төндір - жылу энергиясын өндіруге арналған тариф немесе оның шектi деңгейi;

      Тберу - жылу энергиясын беруге және таратуға арналған тариф немесе оның шектi деңгейi;

      Zжабдық - субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау қызметін көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;

      Pжабдық - Нұсқаулыққа сәйкес есептелетін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілген пайда деңгейі, теңге.

      5. Экономикалық негізделген шығындардың (Zөббж, Zббж, Zжабдық) есебі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес субъект әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Субъектілердің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне субъектілердің тарифтерін немесе олардың шектi деңгейлерiн саралау кезінде тұтынушы топтарына арналған тарифтер Әдістеменің 4–тармағына сәйкес анықталған тарифке немесе оның шектi деңгейiне сүйене отырып, мыналар:

      тиісті өңір халқының төлем қабілетінің деңгейі;

      инфляцияға әсері;

      жылу энергиясын тұтыну құрылымы;

      өндірістік өнеркәсіптің даму деңгейі;

      энергияны сақтау үшін ынталар жасау ескеріле отырып айқындалады.

      6-1. Тұтынушылар топтары бойынша жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге сараланған тарифтер мынадай формулалар бойынша анықталады:

      1) халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал.):

      Тхал. = Тхал.қолд. *k1 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Тхал.қолд. – халық тобына жататын тұтынушылар тобы – жеке тұлғалар үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф немесе оның шектi деңгейі;

      k1 – Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған халық тобына жататын тұтынушылар - жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті;

      2) өзге тұтынушылар үшін (Төзге):

      Төзге. = Төзге.қолд. *k2 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Төзге.қолд. – өзге тұтынушылар үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф немесе оның шектi деңгейі;

      k2 – Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған өзге тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті;

      3) бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж.):

      Тбюдж. = (Т*Q – Tхал.*Qхал. – Tөзге.*Qөзге.)/Qбюдж. (теңге/Гкал), мұндағы:

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің жылу энергиямен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф немесе оның шекті деңгейі;

      Q – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтердің деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, тұтынушылардың (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ аспаптары бар немесе жоқ) жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      Тхал. – халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qхал. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ халық тобына жататын тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Төзге – өзге тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qөзге – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал.

      Ескерту. Әдістеме 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер мынадай формулалар бойынша анықталады:

      1) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал.ОЕА-сыз):

      Тхал.ОЕА-сыз = 1,2*Тхал.(теңге/Гкал);";

      2) жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптары бар халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал. ОЕА-мен):

      Тхал.ОЕА-мен = (Тхал.Qхал.-Тхал. ОЕА-сыз *Qхал. ОЕА-ыз)/Qхал.

      ОЕА-мен (теңге/Гкал),

      егер жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптары бар халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал. ОЕА-мен)тариф есеп бойынша < 0 деңгейде анықталатын болса, онда Тхал. ОЕА-мен және Тхал. ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Тхал. ОЕА-мен = 0,5*Тхал. (теңге/Гкал);

      Тхал. ОЕА-сыз = (Тхал.*Qхал. – Тхал. ОЕА-мен *Qхал. ОЕА-мен)/ Qхал. ОЕА-сыз (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qхал. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасаған шарттармен расталған, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ халық тобына жататын тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qхал.ОЕА-сыз – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде тұратын халық тобына жататын тұтынушылар – жеке тұлғаларды қоспағанда), Гкал;

      Qхал. ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемді төмендетуге немесе тарифтердің деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;";

      3) бюджеттік ұйымдарды қоспағанда, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін (Төзге ОЕА-сыз):

      Төзге ОЕА-сыз= 1,3*Төзге (теңге/Гкал);

      4) бюджеттік ұйымдарды қоспағанда, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге тұтынушылар үшін (Т өзге ОЕА-мен):

      Төзге ОЕА-мен = (Төзге*Qөзге – Төзге ОЕА-сыз*Qөзге ОЕА-сыз)/Qөзге ОЕА-мен (теңге/Гкал),

      Егер үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін (Төзге ОЕА-мен) тариф есептегенде <0,5 деңгейде анықталатын болса, онда Төзге ОЕА-мен және Төзге ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Төзге ОЕА-мен = 0,7*Т өзге (теңге/Гкал);

      Төзге ОЕА-сыз = (Төзге*Qөзге – Төзге ОЕА-мен *Qөзге ОЕА-мен)/ Qөзге ОЕА-сыз (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qөзге – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан өзге де тұтынушыларды қоспағанда), Гкал;

      Qөзге ОЕА-сыз – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде орналасқан өзге де тұтынушыларды қоспағанда), Гкал;

      Qөзге ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасаған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.

      5) үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ бюджеттік ұйымдар үшін (Т өзге ОЕА-сыз):

      Тбюдж. ОЕА-сыз = 1,5*Тбюдж. (теңге/Гкал);

      6) үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж. ОЕА-мен):

      Тбюдж. ОЕА-мен = (Тбюдж.*Qбюдж. – Тбюдж. ОЕА-сыз*Qбюдж.

      ОЕА-сыз)/ Qбюдж. ОЕА-мен (теңге/Гкал).

      Егер үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдар үшін (Тбюдж. ОЕА-мен) тариф есептегенде <0,5 деңгейде анықталатын болса, онда Тбюдж. ОЕА-мен және Тбюдж. ОЕА-сыз мына формулалар бойынша анықталады:

      Тбюдж. ОЕА-мен = 0,5*Тбюдж. (теңге/Гкал);

      Тбюдж. ОЕА-сыз = (Тбюдж.*Qбюдж. – Тбюдж. ОЕА-мен *Qбюдж.

      ОЕА – мен )/ Qбюдж. ОЕА-сыз (теңге/Гкал),

      Qбюдж. – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтер деңгейінің өсуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан бюджеттік ұйымдарды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. ОЕА-сыз – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде орналасқан бюджеттік ұйымдарды қоспағанда), Гкал;

      Qбюдж. ОЕА-мен – субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасаған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау мақсатында көлемдерді төмендетуге немесе тарифтерді көтеруге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар бюджеттік ұйымдардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барак типтегі үйлерде тұратын және орналасқан тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ттозған хал. = Тхал. (теңге/Гкал),

      Ттозған өзге = Төзге (теңге/Гкал),

      Ттозған бюдж. = Тбюдж. (теңге/Гкал).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрауы бойынша үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлердің тізбесін субъектілердің жылу энергиясын жабдықтау қызметін көрсететін жері бойынша жергілікті атқарушы (қалалар, аудандар) органдар ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Есепке алу аспаптарының болуы немесе болмауына қарай жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың сараланған тарифтерді қолдануына байланысты субъект кірісті толық алмаған немесе кірісті негізсіз алған жағдайда, толық алынбаған кіріс сомасы немесе негізсіз алынған кіріс сомасы тарифті Әдістеменің 4-тармағына сәйкес анықталатын тарифтің тиісті өзгеру есебінен кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика мнистрінің м.а. 02.09.2016 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу
энергиясының тұтыну есебінің тетігі

      11. Тұтынушыларға жіберілген жылу энергиясының көлемі есептік кезеңде жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу тұтыну объектісінде тікелей тұтынылған жылу энергиясының сомасы (бұдан әрі – жылу энергиясының көлемі) ретінде анықталады. Есептік кезең ішінде күнтізбелік ай қабылданады.

      Жылытуға арналған жылу энергиясы көлемін анықтау жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары бар және жоқ тұтынушылар үшін жүзеге асырылады.

      Ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемін анықтау жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары бар не жоғын ескере отырып ыстық суға жеке есептеу аспаптары бар және жоқ тұтынушылар үшін жүзеге асырылады.

4. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары бар
тұтынушылар үшін жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған
жылу энергиясын тұтыну көлемін анықтау

      12. Үйге ортақ есептеу аспаптары бойынша тұтынушыларға босатылған жылу энергиясының көлемі – бұл жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне тікелей жылу тұтыну объектісінде тұтынылған жылу энергиясының жиынтығы.

      13. Тұтынушылар үшін жылыту қажеттілігіне жылу энергиясының көлемі (Qж. ОЕА - мен) мынадай формула бойынша анықталады:

      Qж. ОЕА - мен =Qо ОЕА - мен Qысж ОЕА - мен (Гкал),

      мұндағы:

      Qо ОЕА - мен – жылу энергиясының үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне босатылған жылу энергиясының жалпы көлемі, Гкал;

      Qысж ОЕА - мен – жылу энергиясының үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша босатылған ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне жылу энергиясының көлемі (бұл ретте жылу тасмалдағыштың шығыс өлшеуіші жылу алмастырғыштың әрбір сатысында орнатылуы қажет), Гкал.

      14. Жылу энергиясының үйге ортақ есептеу аспаптарымен анықталған жылыту қажеттілігі үшін жылу энергиясының көлемі (Qж. ОЕА - мен) тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар (олар болған жағдайда) арасында мынадай болып бөлінеді:

      1) егер қосалқы тұтынушының үй-жайларды жылытуға таза жылу энергиясында есептелген үлес (бұдан әрі – тұтыну нормасы) ғимараттың тұрғын бөлігі үшін ұқсас көрсеткіштен аспаған жағдайда жылыту қажеттілігіне жылу энергиясының көлемі тұрмыстық тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасында олардың жылыту алаңының тиесілі үлесіне парапар мына формула бойынша бөлінеді:

      Qж. пәт. = Qж. ОЕА - мен / S жалпы. * S пәт. (Гкал),

      мұндағы:

      Qж. пәт. – дербес тұтынушыға немесе қосалқы тұтынушыға босатылған жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      S жалпы. – жылытылатын тұтынушылар пәтерлері алаңдарының және қосалқы тұтынушылар үй-жайларының жиынтығы, шаршы метр (бұдан әрі - м2);

      S пәт. – құқық белгілейтін құжаттардың негізінде қабылдаған тұтынушылар пәтері немесе қосалқы тұтынушы үй-жайының жылытылатын алаңы, м2.

      2) егер қосалқы тұтынушының тұтыну нормасы жылыту қажеттілігіне жылу энергиясының көлемін есептеген кезде ғимараттың тұрғын бөлігі үшін ұқсас көрсеткіштен асады, қосалқы тұтынушы үй-жайының жылытатын алаңы қосалқы тұтынушының тұтыну нормасының ғимараттың тұрғын бөлігі үшін ұқсас көрсеткішке қатынасына тең коэффициентке көбейеді. Тиісінше жылыту алаңының есептелетін сомасы (S жалпы) көбейеді.

      Қосалқы тұтынушыны және ғимараттың тұрғын бөлігін тұтыну нормасы ғимараттың энергетикалық төлқұжаты бойынша, ол болмаған жағдайда жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспабын орнатқанға дейін қолданылған ең жоғары сағаттық жүктемелер бойынша өнім берушімен энергиямен жабдықтау шарттары бойынша анықталады, олар жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатқанға дейін қолданылған.

      Бұдан әрі жылытуға үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған жылу энергиясының көлемі тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасында Әдістеменің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес түзетілген алаңдарды ескере отырып бөлінеді.

      15. Үйге ортақ есептеу аспаптары бойынша жылу энергиясының есебі уақытша бұзылған жағдайда жылытуға жылу энергиясының тұтыну көлемі төлемақыны есептеу үшін есептіліктің уақытша бұзылу кезеңінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасына сәйкес анықталады, бірақ бұл бір айдан аспауы тиіс, осы уақыт ішінде есептілік қалпына келуі қажет.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша ыстық сумен жабдықтауға босатылған жылу энергиясының көлемі (Qысж. ОЕА – мен) тұрмыстық тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар (олар болған жағдайда) арасында мынадай талаптарды сақтай отырып бөлінеді:

      ыстық судың жеке есептеу аспабын түгендеуге шешу немесе ол қатардан шыққан кезде алдыңғы айдың көрсеткіштері есептеуге алынады, бірақ бұл бір айдан аспайды;

      апаттық жағдай кезіндегі жылу энергиясы ысыраптарының (Qысж.Ысырап) және жылу тасмалдағыштың (Gысж. Ысырап) көлемі (бұдан әрі – Ысыраптар) ыстық сумен жабдықтауға үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалған көлемдерінен (Qысж. ОЕА – мен және Gысж. ОЕА – мен) алып тасталады. Ысыраптар бөлек актімен ресімделеді және тұтынушылар арасында көлемдерді бөлуге қатыспайды. Ысыраптарды есептесу және төлеу тәртібі тұтынушы (қосалқы тұтынушы) және кондоминиум объектісін басқару органы арасында жасалған шартта анықталады.

      17. Ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде тұрмыстық тұтынушылар мен қосалқы тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясы көлемі (Qысж ЕА – мен) мына формула бойынша анықталады:

      Qысж. ЕА–мен= (Qысж. ОЕА–мен- Qысж. Ысырап)/(Gысж.ОЕА–мен-Gысж.Ысырап) * Gысж. ЕА–мен, (Гкал),

      мұндағы:

      Qысж. ОЕА - мен – үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша босатылған ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      Qысж. Ысырап – апаттық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу энергиясы ысыраптары, Гкал;

      Gысж. ОЕА–мен– үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша босатылған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, текше метр (бұдан әрі - м3);

      Gысж. Ысырап – апаттық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу тасмалдағыштың ысыраптары, м3;

      Gысж. ЕА–мен– тұрмыстық тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға арналған суды тұтыну көлемі, м3.

      18. Ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде тұрмыстық тұтынушылар босатқан ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі (Qысж. ЕА – сыз), оның ішінде бір адамға (Qбір адамға ысж.) жылумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелері үшін мына формулалар бойынша анықталады:

      Qысж. ЕА – сыз = Qбір адамға ысж.* n пәт. (Гкал),

      Qбір адамға ысж. = С * Gнорма * p * (55oC - tс.с.ор.) * (1+кn) * 10-6 (1 адамға Гигакалорий (бұдан әрі - Гкал/адам)),

      мұндағы:

      n пәт. – кондоминиум объектісін басқару органы қабылдаған ыстық суға жеке есептеу аспаптары болмаған кезде пәтерде тұратын жеке тұлғалар саны, адам;

      С – судың үлес жылу сыйымдылығы, 1 килограмм градус Цельсийге килокалорий (бұдан әрі - ккал/кгоС) (есептерде 1 ккал/кгоС тең болып қабылданады);

      p – су тығыздығы, текше метрге килограмм (бұдан әрі - кг/м3) (есептерде 1000 кг/м3 тең болып қабылданады);

      55оС – оның шығысы есептелетін су бөліну жерлеріндегі ыстық су температурасы, оС;

      tс.с.ор. – су құбырындағы суық судың жылдық орташа температурасы, сумен жабдықтаушы ұйымдардың алдыңғы жылға арналған есептік деректері бойынша қабылданады (деректер болмаған жағдайда есептеу үшін жылыту кезеңі үшін 5оC және жылытылмайтын кезең үшін 15оC тең болып қабылданады);

      кn – ыстық сумен жабдықтау құбырларымен жылу ысыраптарын қамтитын коэффициент (0,2 мөлшерінде қабылдау ұсынылады);

      Gнорма – бір адамға айына ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, ол мына формула бойынша анықталады (нормалар болмаған кезде есептеу үшін Әдістемеге қосымшада келтірілген нормалар қабылданады, тәулігіне литр):

      айына 1 адамға Gнорма = (q*n1+q*(365-n1)*в) / 12 * 10-3, м3

      мұндағы:

      q – 55оС температура кезінде орта тәулікте тұтынушылардың ыстық су шығысының нормасы, тәулігіне литр;

      n1 – жылыту кезеңінің нормативтік ұзақтығы, тәулік;


– тұрғын секторы үшін деректер болмаған жағдайда 0,8-ге тең қабылданатын жылыту кезеңіне қарағанда жылытылмайтын кезеңде ыстық сумен жабдықтауға судың орташа шығысының өзгеруін ескеретін коэффициент, (оңтүстік қалалар үшін – 1, шипажайлар үшін 1,2-1,5).

      19. Егер үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша босатылған ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясы көлемі мен Әдістеменің 16, 17, 18–тармақтарына сәйкес анықталған жылу энергиясы көлемінің арасында айырмашылық болған жағдайда, оның көлемі ыстық судың жеке есептеу аспаптары жоқ тұтынушылардың арасында айырмашылық коэффициентін (Кайырм.) қолдана отырып бөлінеді, ол мына формула бойынша анықталады:

      Кайырм. = (Qысж. ОЕА–мен- Qысж. Ысырап)/(

Qысж. ЕА–мен +

Qысж. ЕА–сыз)

      мұндағы:

      Qысж. ОЕА - мен – үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша босатылған ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      Qысж. Ысырап – апаттық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу энергиясы ысыраптары, Гкал;


Qысж. ЕА–мен – Әдістеменің 17-тармағына сәйкес анықталған ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылар мен қосалқы тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясының жиынтық көлемі, Гкал;

Qысж. ЕА–сыз – Әдістеменің 18-тармағына сәйкес анықталған ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде тұрмыстық тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясының жиынтық көлемі, Гкал.

      Ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде тұрмыстық тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі (Qысж. ЕА – сыз), оның ішінде бір адамға (Qбір адамға ысж.) Кайырм. есептегенде Әдістеменің 18-тармағындағы формулалар бойынша қайта саналады:

      Qбір адамға ысж. = С * Gнорма * p * (55 оC - tс.с.ор.) * (1+кn) * К айырм.* 10-6 (Гкал/адам),

      Qысж. ЕА – сыз = Qбір адамға ысж.* n пәт. (Гкал).

      20. Үйге ортақ есептеу аспаптары бойынша жылу энергиясының есебі уақытша бұзылған жағдайда ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясы мен жылу тасмалдағыштың тұтыну көлемі төлем ақыны есептеу үшін есептіліктің уақытша бұзылу кезеңі ішінде Әдістеменің 18-тармағына сәйкес бір адамға ыстық судың жеке есептеу аспаптары бойынша есептегенде анықталған немесе ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы бойынша анықталады, бірақ бұл бір айдан аспауы тиіс, осы уақыт ішінде есептілік қалпына келуі қажет.

5. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу
энергиясын тұтыну көлемін анықтау

      21. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ халық тобына жататын тұтынушылар – заңды тұлғалар үшін жылытуға жылу энергиясы тұтынудың айлық көлемі (Qж. ОЕА - мен) мынадай формула бойынша анықталады:

      Qж. ОЕА - сыз = Qж. нормасы *S пәт. (Гкал), мұндағы:

      Qж. нормасы – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес бекітілген үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну айлық нормасы, Гкал/м2;

      S пәт. – құқық белгілейтін құжаттардың негізінде қабылданған тұтынушылар пәтерлері немесе қосалқы тұтынушылар үй-жайларының жылыту алаңы, м2.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемі (Qысж. ЕА – мен) бір м3 ыстық су есебінен мына формула бойынша анықталады:

      Qысж. ЕА – мен = С * p * (tысж.ор.. - tс.с.ор.) * 10-6 текше метрге Гигакалорий (бұдан әрі - Гкал/м3),

      мұндағы:

      С – судың үлес жылу сыйымдылығы, ккал/кгоС (есептерде 1 ккал/кгоС тең болып қабылданады);

      p – су тығыздығы, кг/м3 (есептерде 1000 кг/м3 тең болып қабылданады);

      tысж.ор.– тұтынушының есептеу тарабында жылу желілері таратушы құбыр жолындағы судың жылдық орташа температурасы (жылыту кезеңінің айлар бойынша сыртқы ауаның орташа есептік температуралары үшін жылу желілері жұмысының температура кестесі бойынша есептеледі, бірақ жабық жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін 70оC-ден және ашық жүйелері үшін 60оC-ден кем емес, жылытылмайтын кезеңде есеп үшін 65оC тең қабылданады);

      tс.с.ор. – құбыржолының суық суының жылдық орташа температурасы, сумен жабдықтаушы ұйымдардың алдыңғы жылға есептік деректері бойынша қабылданады (деректер болмаған жағдайда есептеу үшін жылыту кезеңіне 5оC және жылытылмайтын кезеңіне 15оC тең болып қабылданады).

      23. Ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде, оның ішінде бір адамға есептегенде (Qбір адамға ысж.) тұрмыстық тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясы көлемі (Qысж. ЕА – сыз) Әдістеменің 18-тармағында көрсетілген нысандар бойынша жылумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелері үшін анықталады.

6. Тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметке төлем ақы мөлшерін есептеу
тетігі

      24. Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақыны уәкілетті орган жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін бекітеді:

      жылытуға – айына бір м2 жылыту алаңы есебінен тұрмыстық тұтынушылар үшін ж. ОЕА - сыз);

      ыстық сумен жабдықтауға – бір м3 ыстық су есебінен жеке есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылар үшін ысж. ЕА - мен);

      ыстық сумен жабдықтау үшін – айына бір адам есебінен жеке есептеу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар үшін (П бір адамға ысж.)

      25. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары болмаған кезде халық тобына жататын тұтынушылар – заңды тұлғалар үшін жылытуға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақы (Пж. ОЕА - сыз) мына формула бойынша анықталады:

      Пж. ОЕА – сыз = Qж. нормасы * Т ОЕА - сыз (шаршы метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м2), мұндағы:

      Qж. нормасы – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес бекітілген үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну айлық нормасы, Гкал/м2;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган Заңның 3-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес бекіткен (бұдан әрі – уәкілетті орган бекіткен) тариф, теңге/Гкал.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақы (бұдан әрі – ЫСЖ төлемақысы) мынадай жолмен анықталады:

      1) Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ЫСЖ төлем ақысы мына формулалар бойынша анықталады:

      бір м3 ыстық су есебінен ыстық суды жеке есептеу аспаптары болған кезде (Пысж. ЕА - мен):

      Пысж. ЕА - мен = Qысж. ЕА - мен * G ысж. ЕА - мен * Т ОЕА - сыз, (текше метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м3)), мұндағы:

      Qысж. ЕА – мен – Әдістеменің 22-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен анықталған жылу энергиясы көлемі, Гкал/м3;

      Gысж. ЕА–мен – тұрмыстық тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      ыстық судың жеке есептеу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін (Пбір адамға ысж.):

      П бір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * Т ОЕА – сыз (бір адамға теңге (бұдан әрі – теңге/адам)), мұндағы:

      Qбір адамға ысж. – Әдістеменің 18, 19-тармақтарына сәйкес бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемі, Гкал/адам;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      2) Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ЫСЖ төлемақысы мына формулалар арқылы анықталады:

      ыстық суды жеке есептеу аспаптары бар болған кезде (Пысж. ЕА-мен):

      Пысж. ЕА-мен = Qысж. ЕА-мен * G ысж. ЕА – мен * Т ОЕА - сыз + G ысж. ЕА - мен *Т ССЖ теңге/м3, мұндағы:

      Qысж. ЕА-мен – Әдістеменің 22-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен анықталған жылу энергиясы көлемі, Гкал/м3;

      Gысж. ЕА-мен – халық тобына жататын тұтынушының – заңды тұлғаның пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      Т ОЕА - сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Т ССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3;

      ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде (Пбір адамға ысж.):

      Пбір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * ТОЕА – сыз + Gнорма * ТССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qбір адамға ысж – Әдістеменің 18 немесе 19-тармақтарына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы көлемі, Гкал/ адам;

      ТОЕА – сыз – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gнорма – Әдістеменің 18-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, адамға текше метр (бұдан әрі – м3/адам);

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылар үшін жылытуға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне төлемақыны уәкілетті орган бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын Әдістемеге сәйкес жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталады.

      Жылытуға төлемақы ж. ОЕА - мен) бір м2 жылытылатын алаң есебінен мына формула бойынша анықталады:

      Пж. ОЕА - мен = Qж.пәт.. * ТОЕА - мен, теңге/м2

      мұндағы:

      Qж.пәт.– Әдістеменің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған жеке тұтынушыға немесе қосалқы тұтынушыға босатылған жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      ТОЕА - мен – үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      28. Жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға, оның ішінде ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлем ақыны (бұдан әрі – ОЕА-мен ЫСЖ төлемақысы), уәкілетті орган бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын Әдістемеге сәйкес жылу энергиясына үйге ортақ есептеу аспаптарының және ыстық судың жеке есептеу аспаптары көрсеткіштері бойынша анықталады.

      29. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ОЕА-мен ЫСЖ төлемақысы мына формулалар бойынша анықталады:

      1) бір м3 есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде ысж. ЕА - мен):

      Пысж. ЕА - мен = Qысж. ЕА - мен * Т ОЕА - мен (теңге/м3),

      мұндағы:

      Qысж. ЕА - мен – Әдістеменің 17-тармағына сәйкес анықталған ыстық судың жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі, Гкал;

      ТОЕА - мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      2) бір адам есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде бір адамға ысж.):

      П бір адамға ысж.. = Qбір адамға ысж.* Т ОЕА - мен (теңге/адам),

      мұндағы:

      Qбір адамға ысж.– Әдістеменің 18 немесе 19-тармақтарына сәйкес анықталған айына бір адамға есептегенде ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясы көлемі, Гкал/адам;

      ТОЕА - мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      30. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде ОЕА-мен ЫСЖ төлемақысы мына формулалар бойынша анықталады:

      1) бір м3 есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болған кезде (Пысж. ЕА - мен):

      Пысж. ЕА - мен = Qысж. ЕА - мен * Т ОЕА - мен + G ысж.ЕА - мен * Т ССЖ (теңге/м3), мұндағы:

      Qысж. ЕА – мен – Әдістеменің 17-тармағына сәйкес анықталған ыстық судың жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға босатылған ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі, Гкал;

      ТОЕА - мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gысж. ЕА–мен – тұрмыстық тұтынушының немесе қосалқы тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суға жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.";

      2) бір адам есебінен ыстық судың жеке есептеу аспаптары болмаған кезде (Пбір адамға ысж.):

      Пбір адамға ысж. = Qбір адамға ысж. * ТОЕА - мен + Gнорма * ТССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qбір адамға ысж. – Әдістеменің 18 және 19-тармақтарына сәйкес анықталған айына бір адам есебінен ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясы көлемі, Гкал/адам;

      ТОЕА – мен – үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gнорма – Әдістеменің 18-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, м/адам;

      Тссж – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/м3.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Үйге ортақ есептеу аспаптары бойынша жылу энергиясының есебі уақытша бұзылған жағдайда жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға төлемақы мөлшерін айқындау кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобына уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданады, оған есептілік қалпына келуі қажет.

  Табиғи монополия субъектілерінің
жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтер немесе олардың шектi
деңгейлерiн есептеу әдістемесіне
қосымша

Тұтынушылардың суды шығындау нормалары

Суды тұтынушылар

Өлшем бірлігі

55оС температура кезінде ыстық су шығысының нормасы, орташа тәулікте л.

1

2

3

1 Тұрғын ғимараттар

1.1 биіктігі 75 м дейін қолжуғыштар, жүғыштар және ванналармен жабдықталған орталықтандырылған салқын, ыстық сумен жабдықталған және кәрізделген көп пәтерлі тұрғын ғимараттар

1 тұрғын

105

2 Пәтер типтес жатақханалар

2.1 ортақ душтармен

1 тұрғын

50

2.2 барлық тұрғын ұйымдарда душтары бар

1 тұрғын

60

2.3 барлық тұрғын ұйымдарда ванналары бар

1 тұрғын

120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады