Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы аумағында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 133 796 (бір жүз отыз үш мың жеті жүз тоқсан алты) гектар "Мәртөк" мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі - Қаумал) құрылсын.
2. Қаумал "Мәртөк орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.
3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының міндетін атқарушы |
М. Айнабеков |
"8" желтоқсан 2017 жыл |