Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4897 "Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 1109 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 5407 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4897 "Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4670 тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Актюбинский вестник" газетінде, 2016 жылғы 16 қаңтарда "Ақтөбе" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Л.А.Оразбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі І.Испанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады