"Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4897 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 4670 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 1109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 24.03.2017 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе қаласының әкімі Б.Сағын

  БЕКІТІЛГЕН
Қала әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 4897 қаулысымен

"Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 
      2. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      4. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
      5. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
      14. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыруға және қоғамды жұмылдыруға қатысу;
      2) Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру барысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы әкімдерінің, "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының іске асыру барысының орындауын бақылау;
      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларының негізгі бағыттарын түсіндіру;
      4) мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамаларын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық біртектілікті, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды жұмылдыру жөніндегі ұсыныстар жасау;
      6) Ақтөбе қаласында болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және әділ зерттеу, жинақтау және талдау;
      7) қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
      8) Ақтөбе қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саясаттану жөніндегі зерттеулерді жүргізу;
      9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттесу.
      15. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі келесідей функцияларды жүзеге асырады:
      1) Ішкі саяси процестерді реттеуге қатысу, ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру, Ақтөбе қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен өзге де бірлестіктердің қызметтеріне мониторинг, талдау және болжау жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды жұмылдыруды, қазақстандық отансүйгіштікті насихаттауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу және жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Ақтөбе қаласының әкімдігі қаулыларының, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы әкімдерінің, "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шешімдерін, өкімдерін, бұйрықтарын және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
      3) тұжырымдамалық құжаттарды жасауға қатысу, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, актілерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;
      4) қоғамдық-саяси және экономикалық салада қала туралы, билік органдары туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі Ақтөбе қаласы әкімдігінің жұмысына қатысу;
      5) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
      6) "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне атқарылған жұмыстар жәйі туралы жүйелі түрде есеп беру;
      7) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметтерін бақылау және үйлестіру;
      8) Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      9) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізу барысын саяси тұрғыдан қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі Ақтөбе қаласы мемлекеттік мекемелердің, ауылдық округ әкімдерінің, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын үйлестіру мен бақылау;
      11) Ақтөбе қаласы ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша Ақтөбе қаласы әкімдігінің отырыстарына материалдар әзірлеуге қатысу;
      12) кіші Ассамблея мен оның хатшылығына ұйымдастырушылық, және ақпараттық көмек көрсету;
      13) ішкі саясат, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      14) ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау мен жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
      15) саяси партиялармен, этно-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
      16) аймақтағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және қалалық ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
      17) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қала әкімі аппаратының бөлімдерімен бірге бірлесіп орындау.
      16. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
      1) өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен лауазым тұлғалардан, өзге ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен талап етуге, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметшілерін "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тартуға, тиісті ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныс енгізу, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу саласына қарайтын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге материалдар дайындауды жүзеге асыруға;
      3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
      4) жастар саясаты мен қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізу үшін берілген мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      5) қарауына ішкі саясат саласының мәселелері, адам құқығын қорғау және "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын өзге мәселелер кіретін мемлекеттік органдардың
      лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге көмек көрсетуге;
      6) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстар өткізуге;
      7) Құрылымдық бөлімшілер (бөлімдер, секторлар) құруға;
      17. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
      2) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін дербес жауапкершілік алатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамамен белгіленген тәртіпте Ақтөбе қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
      20. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттерi:
      1) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша жауаптылықта болады;
      2) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;
      3) стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;
      4) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде Ақтөбе қаласының ауылдық округ әкімдері, қалалық басқармалар мен бөлімдердің қызметін үйлестіреді;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін ынталандыруды жүзеге асырады;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқауларды бекітеді, қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;
      8) "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің отырыстарын, кеңестерді, активтерді және басқа іс-шараларды өткізеді;
      "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар.
      "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мүлік иесі берген мүлiк есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады