Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2017 жылғы 15 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 17 сәуірде № 5441 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 17.05.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 17 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының аумағында жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Алдияров Нағымжан Смағұлұлы тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.С.Алдияровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады