Ақтөбе қаласы әкімінің 2017 жылғы 15 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6170 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімінің 2017 жылғы 15 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5441 тіркелген, 2017 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И. Көзбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады