Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте № 5657 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 26.12.2017 № 8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 5-2/360 ұсынысы негізінде, Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұсақ мүйізді қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қурайлы ауылдық округі Георгиевка ауылындағы Ақтөбе көшесі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қурайлы ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушысы
А.Б.Шалабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады