Аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 "Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылатуын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 106 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5318 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 387 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 "Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылатуын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-80 тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында "ставкаларын" сөзі "мөлшерлемелерін" сөзімен ауыстырылсын;
      1, 2, 3, 4 қосымшалары алыным тасталынып, 1 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 379, 381 және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жағарылатылсын;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйтеке би а удандық Әйтеке би адандық
      мәслихаттың сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Б.Сейлханов Е.Таңсықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады